Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға жолға шықпауды ескертті

Ведомствоның мәліметінше, комитеттің жағдаят орталығының базасында республикалық штаб құрылған. Сонымен бірге Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының төтенше жағдайлар департаментінде аумақтық штаб жұмысын бастады. Штабтар шұғыл қызметтер мен азаматтық қорғаныс бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді.

Жедел штабтардың телефон нөмірлері:

ҚР ІІМ ТЖК Дағдарыс жағдайларын басқару орталығы: 8 (7172) 53 32 79; 53 32 84;

Ақтөбе облысы ТЖД: 8 (7132) 70 38 14;

Ақмола облысы ТЖД: 8 (7162) 55 14 84;

Қостанай облысы ТЖД: 8 (7142) 50 36 24;

Қарағанды облысы ТЖД: 8 (7212) 51 10 42;

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД: 8 (7232) 56 01 66; 55 38 19;

Павлодар облысы: 8 (7182) 20 71 12, 70 37 95.

Төтенше жағдайлар комитеті республиканың автокөлік жолдарында жағдай өте нашар екенін айтып, азаматтардан жолға шықпауды сұрап отыр.

Төтенше жағдайда қалсаңыз, құтқару қызметінің «112» бірыңғай нөміріне хабарласыңыз, — деп хабарлады ТЖК мамандары.

Ведомствоның мәліметінше, қазір Нұр-Сұлтанда барлық бағыт бойынша және автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды. Сонымен бірге Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында республикалық және облыстық маңызы бар көлік жолдары жабық.

Ескертуге қарамастан сапарға шыққан тұрғындар жолда қалып қойған. Төтенше жағдайда 750 адам, оның ішінде 82 бала құтқарылды, 447 адам, оның ішінде 11 бала эвакуацияланды, 1 569 техника қар құрсауынан шығарылды, — деді Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жедел брифинг барысында.

27 қаңтарда еліміздің көп бөлігінде қар борайды.