Мамандардың мәліметінше, Батыс Сібірден бір циклон ауыспай жатып, екіншісі келе жатыр, оның таралымдары Қазақстанның көп бөлігінде тағы да қар жаууына, кей жерде қардың толассыз жаууына, көріну қашықтығын 50-200 метрге дейін нашарлататын боранға, дауыл мен күртік қарға себеп болады.
Оңтүстік пен батыста қар мен жылбысқы қар жауады, кей жерде жауын-шашын мол түседі, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасының ауытқуына қарамастан алдағы 3 тәулікте оның көрсеткіші көпжылдық орташа шамадан 4-10 градус жоғары болады, — деп хабарлады «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірлерде қандай ескерту жарияланғанын «Қазгидромет» кәсіпорны сайтынан білуге болады.