Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жұмыс қарқынын сынады

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жұмыс қарқынын сынады

Президент ел экономикасын түбегейлі реформалау бағдарламасын әзірлеу қажет екенін айтты.

Фото: Primeminister.kz

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке батыл шешім шығаруды тапсырды.

Реформаларды іске асыру қарқыны бәсеңдегенін мойындауымыз керек. Ел экономикасын терең, тіпті радикал реформалаудың бағдарламасын әзірлеген маңызды деп есептеймін. Бізге шешуші проблемалар мен оларды шешу әдістерін нақты айқындайтын жаңа экономикалық бағыт қажет. Реформалар ерік пен батылдықты талап етеді. Үкіметті осыған үндеймін, — деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекеттік аппарат негізгі шешімдерді нормативтік-құқықтық актілерге жалтақтап, ведомстволар арасында келісулер жүргізіп, баяу шығарады.

Халықаралық бәсекелестік күшейген жағдайда және халық әділ талап қойып отырған кезде бұлай жұмыс істеуге болмайды. Реформаларды тізе бүкпей жүргізу керек. Президент шенеуніктерді жылдам әрі сапалы жұмыс істеуге мәжбүрлеп, бағдарламаларды іске асыру барысын бақылап, қадағалаушы болып отыра алмайды. Айтпақшы, Премьер-министр де мұндай режиммен жұмыс істемеуі керек. Оның алдында мүлдем басқа міндеттер тұр. Сондықтан мемлекеттік аппарат тиімді әрі шұғыл қызмет етуі керек, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version