Басты бет Экономика Еліміздің қай өңірінің тұрғындары қымбат шай ішеді?

Еліміздің қай өңірінің тұрғындары қымбат шай ішеді?

2019 жылдың желтоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы тұтынушылар шайдың келісіне орташа есеппен 3,1 мың теңге жұмсаған. Бұл бір жыл бұрын жұмсалған сомадан 7,1% көп. 

Иллюстрация: Dribbble.com/©Jordan Jenkins

Energyprom.kz агенттігі аналитиктерінің зерттеуіне қарағанда республика бойынша шай Қарағанды, Алматы мен Қостанайда қымбат, Оралда, Көкшетауда және Ақтөбеде арзан.

Шай

Агенттік мамандарының мәліметінше, 2019 жылдың 12 айында елімізде 15,6 мың тонна шай мен кофе өндірілген. Бұл 2018 жылғы өндірістен 7,9% аз. Шай мен кофе өндірісі жыл сайын осылай азайып келеді.

Дегенмен әлем бойынша тенденция басқаша. БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) мәліметінше, дамушы елдердегі сұранысқа байланысты дүниежүзінде алдағы 10 жылда қара шай өндірісі жыл сайын 2,2%, көк шай өндірісі 7,5% артпақ. Бүгінде әлемдегі ең ірі шай экспорттаушы — Кения, бұл жағынан Қытай оны өкшелеп келеді.

2019 жылдың 11 айында Қазақстанға басқа елдерден келетін шай мен кофе көлемі 0,2% қана өскен. Соған қарамастан импорт нарық сұранысының төрттен үшіне жуығын өтеп отыр. Ал елімізде шай мен кофені тұтыну деңгейі бір жылда 1,4% азайған.

Қазақстанға шай негізінен Кения, Үндістан, Қытай елдерінен жеткізіледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version