Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Абайдың 175 жылдығын тойлауды бастады

Қазақстан Абайдың 175 жылдығын тойлауды бастады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған салтанатты шараға қатысты.

Фото: Akorda.kz

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық өңірінде және шетелдерде жыл бойы өтетін мерекелік шараларды ресми түрде бастап берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев
Фото: Akorda.kz

«Қазақ халқы — Абайдың халқы» атты мерекелік концерт «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өтті. Концерт бағдарламасына Абайдың барлық музыкалық мұрасы енген. Ақын шығармаларын КСРО мен Қазақстанның халық артистері Асанәлі Әшімов, Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Айман Мұсақожаева, белгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары мен басқа да өнер қайраткерлері қатысты.

Фото: Akorda.kz

Абайдың 175 жылдығын тойлауға 3 миллиард теңге жұмсалады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version