«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша сейсенбіде Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Шымкентте тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман түседі. Павлодар облысында кей жерде тұман түседі, жел екпіні секундына 18 метрге жетеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады. Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында да кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады.
21 қаңтарда өңірлерде ауа райы қандай болады?
