Басты бетЖаңалықтарГоловкин мен...

Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек 17 қыркүйекте өтеді

Басылымның мәліметінше, екі боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді. Кездесуді HBO телеарнасы ақылы трансляциялайды.

Екі боксшы да күздегі жекпе-жекке дейін бір кездесуден өткізеді. Альварес Cinco de Mayo мейрамы кезінде, яғни мамыр айында келесі кездесуін өткізуді жоспарлап отыр. Головкин болса IBF титулына міндетті үміткер Туреано Джонсонмен наурыз айында жұдырықтасуы мүмкін.

Еске сала кетейік, мексикалық Сауль «Канело» Альварес (46-1-1, 32 КО) пуэрториколық Мигель Коттоны (40-5, 33 КО) жеңіп, орта салмақта WBC тұжырымының жаңа чемпионы атанды. Жекпе-жек 22 қарашада өтті. Кездесуден кейін «Канело» Геннадий Головкинмен қазір болса да жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.

ДереккөзVesti.kz