Басты бет Жаңалықтар Талдықорған мен Текелі тұрғындары жер сілкінісін сезді

Талдықорған мен Текелі тұрғындары жер сілкінісін сезді

Талдықорған мен Текеліде жер сілкінді. ҚР БҒМ "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мекемесінің мәліметінше, 20 қаңтар күні жергілікті уақыт 11.31-де Алматы облысы аумағында жерасты дүмпуі тіркелген. 

Фото: Nzherald.co.nz

Зілзала эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 231 шақырымда — Қазақстан аумағында анықталып отыр. Энергетикалық класы — 11,3. Магнитудасы — 4,7. Дүмпу 20 шақырым тереңдікте болған.

Жер сілкінісінің сезілуі туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша): Текелі елді мекенінде 3-4 балл, Талдықорғанда 3 балл, — делінген мекеменің хабарламасында.

Мұның алдында 19 қаңтарда жер сілкінісі Алматыда да сезілген еді. Ол кезде сілкіністің эпицентрі Қытай аумағында анықталған. Алматыда дүмпу МSК-64 шкаласы бойынша 3-4 балл болып сезілген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version