Басты бет Жаңалықтар Ауа райы: демалыс күндері шамадан тыс жылы болады

Ауа райы: демалыс күндері шамадан тыс жылы болады

"Қазгидромет" синоптиктері қаңтардың 18-20-сы күндеріндегі ауа райына болжам жасады.

Фото: Nikatv.ru

Болжам бойынша Атлантикадан ауысып жатқан ауа массасына байланысты демалыс күндері елімізде ауа температурасы нормадан тыс жоғарылайды.

Ауа температурасы солтүстікте климат нормасынан 5-10 градус жоғары, оңтүстікте нормаға жуық және одан 2-4 градус жоғары болады. Республика арқылы өтетін атмосфера фронттарының әсерінен солтүстік пен шығыс облыстарда қар жауып, боран соғады, оңтүстік облыстарда жылбысқы қар жауады, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі.

3 тәулік ішінде күндізгі ауа температурасы 0-8 градус аяз, оңтүстікте 3 градус жылы мен 5 градус аяз шамасында болатындықтан Қазақстан аумағының басым бөлігінде көктайғақ болып, көріну қашықтығы 500 метрге жетпейтін төмен тұман түседі.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер қаңтардың 19-20-сы күндері қатты аяз болмайтынын хабарлаған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version