Басты бет Жаңалықтар 16 қаңтарда республиканың көп бөлігінде қар жауады

16 қаңтарда республиканың көп бөлігінде қар жауады

"Қазгидромет" кәсіпорны мамандарының хабарлауынша, қаңтардың 16-сында еліміздегі ауа райына тағы да Кар теңізінен келетін циклон жырасы әсер етеді, сол себепті қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, боран мен күшті жел соғады. Қазақстанның батысында ғана жауын-шашын болмайды.  

Фото: Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз қызметі

Мамандардың болжамына қарағанда бейсенбіде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында кей жерде боран соғады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді, Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі. Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарында кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады, кей жерде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, өңірде күндіз 15-20 метр-секунд жел соғады. Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, боран соғады. Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерде тұман түседі, Алматы Қызылорда облыстарында көктайғақ болады. Өңірлерде ескерту жарияланды. 

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда апта соңына дейін ауа райы күрт өзгермейтінін хабарлаған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version