Басты бет Жаңалықтар Еліміздегі ауа райы апта соңына дейін күрт өзгермейді

Еліміздегі ауа райы апта соңына дейін күрт өзгермейді

"Қазгидромет" мамандары 16-18 қаңтар күндерінің ауа райына болжам жасады.

Фото: Press.lv

Мамандардың мәліметінше, бұл үш тәулік ішінде Қазақстанның ауа райында күрт өзгеріс болмайды.

Атлантикадан тағы да циклондар мен оның атмосфера фронттары ығысып, республикаға жылы және ылғал ауа массасын алып келеді. Сондықтан көп облыста арагідік қар жауып, солтүстікте боран мен екпінді жел соғады, оңтүстік облыстарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа температурасы республиканың солтүстігінде нормадан 3-8 градус жоғары, оңтүстікте нормаға жақын болады, — деп хабарлады синоптиктер.

Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» мамандары 19-20 қаңтар күндері қатты аяз болмайтынын хабарлаған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version