Басты бет Жаңалықтар Демалыс күндері еліміздің оңтүстігінде суық болады

Демалыс күндері еліміздің оңтүстігінде суық болады

Алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағына Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінен жылы әрі ылғал ауа келіп, көп өңірде температура жоғарылайды.

Фото: Olgasam009.livejournal.com

«Қазгидромет» мамандары 11-13 қаңтар күндерінің ауа райына болжам жасады. Синоптиктердің мәліметінше, бұл күндері еліміздің оңтүстігінде ғана суық болады.

Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінен келетін жылы әрі ылғал ауа массасының әсерінен Қазақстанның көптеген облысында бұлтты, жауын-шашынды, тұманды әрі көктайғақты ауа райы қалыптасады. Соған қарамастан ауа температурасы әлі де орташа көпжылдық шамадан жоғары болады. Тек республиканың оңтүстігінде температура аз уақыт төмендейді, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version