Басты бет Жаңалықтар Қаңтардың 15-інде елімізде ауа райы қандай болады?

Қаңтардың 15-інде елімізде ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамы бойынша 15 қаңтарда Кар теңізі аумағынан жылжыған циклон жырасының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, көбіне қар жауады.

Фото: 1obl.ru

Еліміздің батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Бүгін республиканың кей жерінде тұман түседі, жел күшейіп, көктайғақ болады, боран соғады.

Жамбыл, Түркістан облыстарында боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, Түркістан облысында жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді. Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында боран соғады, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-22 метрге дейін жетеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында да боран соғады, тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматы, Қызылорда облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады. Қызылорда облысында түнде және таңертең екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғады. Аталған өңірлерде ескерту жарияланды.

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version