Қаңтардың 15-інде елімізде ауа райы қандай болады?

Еліміздің батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Бүгін республиканың кей жерінде тұман түседі, жел күшейіп, көктайғақ болады, боран соғады.

Жамбыл, Түркістан облыстарында боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, Түркістан облысында жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді. Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында боран соғады, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-22 метрге дейін жетеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында да боран соғады, тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматы, Қызылорда облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады. Қызылорда облысында түнде және таңертең екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғады. Аталған өңірлерде ескерту жарияланды.

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.