Басты бетЖаңалықтарҚаңтардың 13-інде...

Қаңтардың 13-інде Қазақстан өңірлерінде жауын-шашын түседі

Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде тұман түседі, жел күшейеді, көктайғақ болады, боран соғады.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, Жамбыл облысында арагідік жаяу бұрқасын соғады. Қарағанды, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел екпіні секундына 15-23 метрге дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түседі, боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматы облысында да кей жернде тұман түседі, Жалаңашкөл көлі ауданында екпіні секундына 17-22 метрге дейін жететін жел соғады. Өңірлерде ескерту жарияланды.