Алматы Универсиада 2017

Алматыда өтетін Универсиадаға 100 күн қалуына орай, қысқы Ойындардың басты музыкалық тақырыбы таныстырылды Композицияның авторы танымал қазақстандық сазгер – Ислам Рақымжанов. «Золотой Граммофон» премиясының үш дүркін және екі мәрте «Жыл әні» телевизиялық байқауының лауреаты атанды.

Универсиаданың басталуына 100 күн қалғанына орай өткізілген мерекелік шарада аталған музыкалалық композицияны алғаш рет халық алдында қазақстандық әншілер Нұрлан Абдуллин, Лорен және де ән авторы бірге орындады.

«2016-2017 жылдардың жарқын оқиғалары Алматының 1000 жылдық мерейтойы мен Уиверсиада-2017 осы бір композицияның пайда болуына әсер етті. Бізге Алматы қаласында тұрудың бұйырғаны қандай бақыт! Мұндай әндер тууы, шырқалуы қажет, тұрғындардың бойына сезім ұялатып, жақсы істер жасауға ықпал етуі керек. Бұл ән- ертеңге естелі, бұл ән-сезім әрі махаббат. Біз осы бір әнді заман талабына сай жасай алғанымызға қуаныштымыз. Ол әте шынайы, таза әрі жүрек тебірентер. Біз бұл әннің өзін алматылық санайтын әр азаматтың жүрегін орын алады деп сенеміз», – деп атап өтті – композитор Ислам Рақымжанов.

Қазақтың ұлттық аспаптары – қобыз, домбыра, қыл қобыз, саз сырнай және шаң қобызда «The Magic of Nomads» атты танымал туындыны Ғазиза Ғабдрахимова мен Жалғабек Ілес орындады.

Универсиадаға 100 күн қалуын мерекелеу кезінде Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қазақстандық эстрада жұлдыздарына 2017 жылғы Универссиада Елшісі дипломын табыстады.

Халықаралық студенттер ойындарының ресми өкілдері болып, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қыдырәлі Болманов, II халықаралық Turkvision телевизиялық ән конкурсының жеңімпазы Жанар Доғалова, танымал қазақстандық эстрада әншісі, биші, композитор Әли Оқапов, «Новая волна-2009» лауреаты Нұржан Керменбаев.

Шара барысында, осы күндері Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында өтіп жатқан Универсиадаға тестілік жарыс шорт-тректен ҚР кубогының екінші кезең жеңімпаздарына дипломдар табысталды. Шара соңында, Универсиада бойтұмары саналатын «Сұңкар» құсының балапанымен бірге волонтерлар флэш-моб ұйымдастырды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!