Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев Өмірзақ Айтбаевтың отбасына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Өмірзақ Айтбаевтың отбасына көңіл айтты

Президент марқұмның отбасына жолдаған жеделхатында Өмірзақ Айтбаевтың тіл білімі мамандарының жаңа буынын қалыптастыруға зор еңбек сіңірген ұлағатты ұстаз және ірі ғалым екенін айтқан.

Өмірзақ Айтбаев. Фото: Tarlan.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының негізін салушылардың бірі, көрнекті ғалым, Ұлттық ғылым академиясының академигі Өмірзақ Айтбаевтың дүние салуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Өмірзақ Айтбайұлы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекеттік тілдің мәртебесінің артуына өлшеусіз үлес қосты. Ол қазақ терминологиясының дамуына, тіл білімі мамандарының жаңа буынын қалыптастыруға зор еңбек сіңірген ұлағатты ұстаз және ірі ғалым еді. Қазақ зиялыларының арасында өзіндік орны бар қадірлі Өмірзақ Айтбайұлының ғылыми мұрасы ел болашағы мен ұлт игілігіне қызмет ете береді деп сенемін, — делінген жеделхатта.

Терминолог ғалым, академик, филология ғылымдарының докторы, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаев 9 қаңтарда өмірден озды. Ғалым тіл білімінің қазақ терминологиясы мәселелері, терминдер мен фразеологизмдерді аудару, әдеби терминологиялық лексика тақырыптары бойынша 600-ге жуық ғылыми еңбек жазған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version