Басты бет Жаңалықтар Сәрсенбідегі ауа райы: өңірлерде қар жауып, тұман түседі

Сәрсенбідегі ауа райы: өңірлерде қар жауып, тұман түседі

8 қаңтар Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашынды, қарлы, тұманды болады. Бірнеше өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

Фото: i1.wp.com

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының хабарлауынша, қаңтардың 8-інде атмосфера фронты таралымдарының өтуіне байланысты Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады, тұман түседі, көктайғақ болады, оңтүстік-батыста жел күшейеді. Оңтүстікте және батыста жаңбыр жауады, республиканың қалған өңірлерінде қар жауады.

Солтүстік Қазақстан облысының көп бөлігінде, қалған өңірлерде ішінара тұман түседі. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде көктайғақ болады. Маңғыстау облысында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Нұр-Сұлтанда, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе облыстарында тұманға, Түркістан, Қызылорда облыстарында тұман мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version