Бағлан Майлыбаев «оралман» сөзін «ағайын» деп ауыстыруға кеңес берді

Форум барысында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев «оралман» сөзін «ағайын» деп ауыстыруға кеңес берді.

«Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде сырттан қаншама қандасымыз келді. Ол бауырларымызды оралман деп айтып жүрміз. Меніңше, оралман дегеннен гөрі ағайын деп айтқанымыз дұрыс болады. Сондықтан, осындай ұсыныс жасағым келіп тұр» ,- деді Бағлан Майлыбаев.

Аталмыш форум жұмысына Қазақстанның белгілі саясаттанушылары мен әлеуметтанушылары, Германия, Италия, Қытай, Ресейден келген ғалымдар мен сарапшылар қатысуда.

Еске сала кетейік, «оралман» сөзі  қандастарымыздың шет елден келгендігін білдіретін құқықтық ұғым ретінде алынған. Бұған дейін де атауды өзгертуге байланысты саясаттанушылар, қоғам белсенділері түрлі пікірде болған.

Дереккөзbaq.kz