Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Жұмаділдаевпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Жұмаділдаевпен кездесті

Президент пен ғалым білім мен ғылымды дамыту, латын әліппесіне көшу, ұрпақ тәрбиесі мәселелерін және қоғамда болып жатқан өзгерістерді талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асқар Жұмаділдаев. Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаевты қабылдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асқар Жұмаділдаев еліміздегі білім мен ғылымның дамуы перспективаларын, қоғамда кейінгі уақытта болып жатқан өзгерістер мен ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар қазақ тілін дамыту және латын әліпбиіне көшу жөнінде ой-пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

Еске салайық, Тәуелсіздік күні қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Жұмаділдаевқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын берген еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version