Басты бет Жаңалықтар Шымкентке «Қызыл кітапқа» енген сервалдар әкелінді

Шымкентке «Қызыл кітапқа» енген сервалдар әкелінді

Шымкент зообағы Ирина және Ким есімді мысықтұқымды африкалық сервалдармен толықты.

Новосібір зообағынан әкелінген жануарлар қазір жылы жерге орналастырылыпты. Әзірше карантиндік жағдайда. Зообақ мамандары олардың өздерін еркін сезінетінін айтты. Көпшілікке, ортаға бейімеделген соң ғана шығарылатынын айтады.

Айта кетейік, сервал «Қызыл кітапқа» енген жыртқыш. Мысықтұқымдасына жататын олар ел аумағында бұрын-соңды болмаған. Тіпті алыс-жақын шет мемлекеттердің өзінде санаулы ғана, — дейді зообақ директоры. Осылайша хайуанаттар бағындағы аң-құстардың түрлері 168-ден 235-ке жеткен.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version