Басты бет Жаңалықтар Instagram өз қолданушыларының рухани ахуалын бақылайтын болады

Instagram өз қолданушыларының рухани ахуалын бақылайтын болады

Instagram-да «қиын кезеңдерді бастан өткеруде» тетігі пайда болды, деп хабарлайды Росбалт.

Көрнекі сурет

Қолданушылар жасырын түрде Instagram-ға таныстарының бірі күйзелісте жүргенін және өзіне зардап тигізетін әрекетке баруы ықтимал екенін хабарлай алады. Әлеуметтік желінің әкімшілері тез арада оған «шұғыл желі» қызметкерлеріне хабарласу, досымен сөйлесу немесе Instagram қызметкерлерінен кеңес алу сияқты көмек ұсынады.

Аталған әлеуметтік желінің атқарушы директоры Марн Левиннің айтуынша, жаңа тетікті құрастыру кезінде олар адамның психикалық саулығын зерттейтін сала мамандарымен ақылдасқан.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version