Басты бет Жаңалықтар Алдағы 3 тәулікте боран соғып, температура төмендейді

Алдағы 3 тәулікте боран соғып, температура төмендейді

Алдағы 3 тәулік ішінде Қазақстан аумағына белсенді атмосфера фронттары мен антициклондар бірінен кейін бірі келеді. Соның әсерінен қар жауып, боран соғады.

Фото: Postimees.ee

«Қазгидромет» мамандары 24-26 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

22 желтоқсан — күннің қысқы тоқырауы мен астрономиялық қыстың басы. Ал күнтізбе мен метеорология бойынша қыс нағыз күшіне енген кез. Қазақстан арқылы белсенді атмосфера фронттары мен антициклондар бірінен кейін бірі жылжиды. Осыған байланысты республиканың көп облысында алдағы тәуліктерде қар жауады, боран, кей жерде ұйтқыған күшті жел соғады, — деп хабарлады синоптиктер.

Суық фронттың артынан республика аумағына антициклон ығысып, жауын-шашынның біраз уақытқа тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне себеп болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version