Басты бет Инновация Қазіргі заман адамының білім-дағдысын жетілдіретін 5 қолданба

Қазіргі заман адамының білім-дағдысын жетілдіретін 5 қолданба

Қазіргі заманғы білім мен дағдыны ақылы курстарға бармай-ақ, смартфонның көмегімен меңгеруге болады. Ағылшын тілі мен компьютер тілін үйрететін, өнер, бизнес пен психология бойынша білім беретін қолданбалар да бар. Baribar.kz дамуға ұмтылатындарға пайдалы бес қолданбаны топтастырды. Оларды Google Play мен App Store-дан тегін жүктеуге болады.

Иллюстрация: Dribbble.com/©George Shatirishvili

Yousician

Бұл қолданба гитара, укулеле, фортепиано және басқа да аспаптарда еркін ойнауды үйретеді. Вокал қабілетіңізді арттыруға да көмектеседі. Мұндағы сабақтың деңгейі біртіндеп жоғарылап, тапсырмалары күрделене түседі. Нәтижесінде қолданушы ұнайтын аспабында ойнауды өзі үйренеді.

Қосымшаның телефондағы скриншоты
Қолданбаның скриншоты

Memrise

Memrise — тіл үйренуге арналған қолданба. Мұнда ағылшын тілінен басқа тағы 10 тіл бар. Қолданба тәжірибе жүзінде сөйлеу дағдысын жетілдіруге септігін тигізеді.

Қолданбаның скриншоты

DailyArt

DailyArt өнер туындылары туралы сауатыңызды арттырады. Мұнда әлем бойынша 500-ден астам музей қорының жәдігерлері бар. Классика туындыларынан бастап қазіргі заманғы өнер үлгілерімен де танысуға болады.

Қолданбаның скриншоты

Blinkist

Blinkist арқылы нон-фикшн шығармаларды бір күнде оқуға болады. Қолданбаның кітапханасында 2500-ден астам бестселлер бар — негізінен бизнес, психология бағытындағы кітаптар.

Қолданбаның скриншоты

Enki

Бұл қолданба арқылы IT бойынша білім алуға болады. Мысалы, Python, HTML, JavaScript тілдерін меңгере аласыз. Арнайы әзірленген сабақтар мен жаттығулар компьютер программасын жасау дағдыңызды жетілдіреді.

Қолданбаның скриншоты

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version