Нұрғиса Тілендиевтің өмірі «Құстар әніне» арқау болды

Елордада аты аңызға айналған белгілі компазитор Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығын қамтыған бес сериялы фильмнің тұсауы кесілді. Атақты дирижердің 90 жылдығына орай түсірілген «Құстар әні» көркем фильмі шынайы оқиғаларға негізделген. Ол 15 желтоқсан күні «Хабар» телеарнасынан көрерменге жол тартады.

Фильмдегі басты рөлді белгілі актер Ергенбай Әбу сомдаған.

«Мен бастапқыда бұл рөлге келіспедім. Кім-кімге де ондай ұлы тұлғаны жасау қиын. Ол ешкім білмейтін адам емес. Ертең ел-жұрт не дейді, қалай қабылдайды деп уайымдадым. Фильмнің кастинігіне 37 адам сыналған. Соның ішінен түсірілім тобы мені таңдады. Мен өмір бойына сақалмен жүрген адаммын. Олар мені компьютер арқылы сақалымды алып тастап көрген. Содан маған тоқтады. Ең қиналғаным ол кісінің мінезі болды. Оның мінезінің ешқандай қалыпқа сыймайтынын сіздер жақсы білесіздер. Фильм «Отырар сазы» оркестрінің дүниеге келуінен басталады. Менің қазіргі жастағы кезіммен сәйкес келеді. Мен бұл кісіге ұқсаймын деп ойламаппын. Менің мінезім осы кісі ұқсайды екен. Соны түсіндім», — деді ол.

Аталған бес сериялы фильм екі айда түсірілген.

Сондай-ақ, фильмнің режиссері Рашид-Адай Сүлейменовтің айтуынша, түсірілім кезінде Алматының 80-жылдардағы көрінісін көрсету қиынға соққан.

«Біз фильмді түсіру барысында Нұрғиса Тілендиевтің достарымен, жақын адамдарымен сұхбаттастық. Сол кісілердің кеңестерін алдық. Оның жеке өмірі, шығармашылығы туралы қызықты мәліметтерге кездестік. Соны көрерменге көрсету – басты ниетіміз болатын. Бізге ең қиын болғаны бүгінгі әсем Алматының 80 жылдардағы кезін көрсету еді», — деді ол.

Телехикаяның алдын ала көрсетіліміне қатысқан өнер адамдары да оң көзқарастарын білдіруде. Солардың бірі Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ерік Жолжақсынов былай деді: «Бастамасы жаман емес, көңілімнен шықты. Мұндай тұлғаларды түсіру үшін үлкен жігер керек. Режиссер жас баланың осындай үлкен қадамға барып, жігерлік танытқанын мен құптап отырмын. Актер мен режиссердің шеберлігі үйлесім тапқан. Бағана Ергенбай дұрыс айтып кетті. Ұлы тұлғаларды сомдау үшін көп ізденіс, керемет талант керек. Ергенбайдың түрінің ұқсастығы бар, өзі де домбырада жақсы ойнайды. Осындай қасиеттерімен рөлін алып келе жатыр. Оның әрі қарай драматургиясы қалай? Соны көруіміз керек. Мұнда негізі интрига да бар, небір қызық шиеленіске толы оқиғалар да бар. Қазақтың көңілінен шығатынына сенімдімін».

Бұл пікірмен республикалық «Болашақ» жастар қозғалысының лидері Дәурен Бабамұратов та келісті.

«Кинодан ерекше әсер алдым. Әсіресе, соңғы кездері түсірілген «Побег из аула», «Келинка Сәбина» сынды киноларды көріп, жабырқап жүргенде мына кино рухани ләззат сыйлады. Тарихи, көркемдік жағынан да көш бастайды деген ойдамын. Нұрғиса Тілендиевтің ғұлама тұлға екендігі баршаға аян. Дегенмен шығармашылық топ біз білмейтін тұстарын кинода әдемі аша білген. Қазақ өнері, қазақ тарихы үшін маңызды кинолардың бірі болатыны сөзсіз. Бүгін тек бір ғана сериясын көрдік. Соның өзі осындай керемет әсер сыйлады», — деді ол.

Сондай-ақ, телехикаяға Гүлназ Жоланова, Бақытжан Әлпейісов, Меруерт Түсіпбаева, Санжар Мәдиев сынды елге белгілі өнер адамдары түскен. Әр серияның хронометражы – 50 минут. Орыс және қазақ тілінде көрсетіледі.

Дереккөзbaq.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Жеңіс Қасымбек: LRT құрылысын Қытай компаниясы аяқтайды

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысын Қытай компаниясы аяқтайтынын мәлімдеді.

«Ақ жол» партиясының мәжілістегі депутаттары анықталды

27 наурызда «Ақ жол» демократиялық партиясының ұлттық кеңесінің пленумы өтті. Онда парламент мәжілісінің сегізінші шақырылымындағы депутаттарды сайлау қорытындылары талқыланып, депутаттық мандаттар бөлінді.

Қазақ күйлерінің тарихын анимация арқылы білуге қалай қарайсыз?

Tasqyn студиясының жаңа өнімі -"Дала шырқауы" көпсериялы мультфильмі Құрманғазының өмірі мен оның күйлерінің тарихын баяндайды.

Коронавирус жұқтырғандар статистикасы. 26 наурыз

Елімізде кейінгі тәулікте 34 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

«Ауыл» партиясы мәжіліске өткен депутаттар тізімін ұсынды

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мәжілістегі депутаттарының тізімін жариялады.

Мемлекет басшысы елдегі туризм мәселесін көтерді

Үкімет пен парламент туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс. Бұл туралы мемлекет басшысы VIII сайланған ҚР парламентінің бірінші сессиясында айтты.