Басты бет Қоғам 21-23 желтоқсан аралығындағы ауа райына болжам жасалды

21-23 желтоқсан аралығындағы ауа райына болжам жасалды

Алдағы 3 тәулікте өңірлерде жылбысқы қар жауып, көктайғақ болады, боран соғады.

Фото: Аllwallpaper.in

«Қазгидромет» синоптиктері 21-23 желтоқсан күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Мамандардың болжамына қарағанда Қазақстанға жылу мен дымқылдың мол қорынан тұратын Атлантика циклоны ығысады.

Циклонның алдыңғы бөлігінің және жылы фронттың әсерінен алдағы тәулікте ауа температурасы жоғарылайды, қар жауады, боран мен екпінді жел соғады. Республиканың оңтүстігінде және шығысында жылбысқы қар жауып, көктайғақ болады, — деп хабарлады мамандар.

Одан кейінгі 2 тәулікте циклон мен Арктиканың суық фронтының шығысқа жылжуына байланысты елімізде ауа температурасы қайта төмендейді. Солтүстік облыстарда ғана емес, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста да қар жауып, боран соғады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version