Басты бет Жаңалықтар Нұрлан Ноғаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды

Нұрлан Ноғаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды

Президент Энергетика ведомствосының жаңа басшысы ерекше көңіл бөлуге тиіс мәселелерді атады.

Фото: Аkorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевты қабылдады. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент жаңа министрге бірнеше тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрлігінің алдында тұрған мақсат-міндеттерінің маңызы туралы айтты, халықты электр энергиясымен, газбен және жылумен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлуді тапсырды.

Кездесуде мұнай-газ және энергетика салаларындағы әлемдік және отандық ірі компаниялармен өзара ықпалдастық орнату мәселесі де талқыланды.

Еске салайық, 18 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Нұрлан Ноғаев Энергетика министрі болып тағайындалған еді. Атырау облысының жаңа әкімі болып Махамбет Досмұхамбетов тағайындалды. Энергетика министрі болған Қанат Бозымбаев Президенттің көмекшісі атанды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version