Басты бет Қоғам Өмірзақ Шөкеев Президентке Арыс түгел қалпына келгенін айтты

Өмірзақ Шөкеев Президентке Арыс түгел қалпына келгенін айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында Өмірзақ Шөкеевке өңірді газдандыру мен халықты әлеуметтік қорғауға қатысты бірнеше тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өмірзақ Шөкеев. Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өмірзақ Шөкеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту үшін атқарылған жұмыстың қорытындысы туралы баяндады.

Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, аймақта өндіріс саласы 5,5%, ауыл шаруашылығы мен инвестиция 25%, тұрғын үй құрылысы 30% өскен.

Өмірзақ Шөкеев 2020 жылдың қазан айына жоспарланған жаңарған Түркістанның таныстырылымына дайындық барысы жайында және Арысты қалпына келтіру жұмысының толық аяқталғаны жөнінде айтты.

Президент облыс әкіміне атаулы әлеуметтік көмек, газдандыру және тұрғындардың табыс көлемін арттыру мәселелері бойынша бірқатар тапсырма берді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version