Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Мәдина Әбілқасымова Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдина Әбілқасымованы қабылдады. Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады.

Ақорда сайтының хабарлауынша, Мәдина Әбілқасымоваға Президент банк жүйесін тұрақтандыру мен қаржы секторын дамыту туралы бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңа агенттік Алматыда болады. Бұл туралы бұған дейін де хабарлаған едік.

Еске салайық, 18 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мәдина Әбілқасымова Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Ол Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version