Басты бет Жаңалықтар Алдағы 3 тәулік жауын-шашынды әрі тұманды болады

Алдағы 3 тәулік жауын-шашынды әрі тұманды болады

Бейсенбі, жұма және сенбі күндері солтүстік облыстарда қар жауып, боран мен батыстан күшті жел соғады.

Фото: Washingtonpost.com

«Қазгидромет» мамандары желтоқсанның 19-ы мен 21-і аралығында ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Синоптиктердің болжамына қарағанда Скандинавияның оңтүстігінде қалыптасып жатқан кезекті циклон 19 желтоқсанда Ресейдің Еуропадағы бөлігіне жылжиды да, оның атмосфера таралымдары Қазақстанның батысында жауын-шашынға себеп болады.

Циклон мен таралымдардың шығысқа жылжуына қарай республиканың қалған аумағында да жауын-шашын, тұман түседі, көктайғақ болады, солтүстік облыстарда қар жауады, боран мен батыстан күшті жел соғады, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version