Басты бет Жаңалықтар Иманғали Тасмағамбетов елші қызметінен босатылды

Иманғали Тасмағамбетов елші қызметінен босатылды

Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі 9 желтоқсанда зейнет жасына толды.

Иманғали Тасмағамбетов. Фото: Тengrinews.kz

Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті жарлығы туралы Ақорда сайты хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.

Иманғали Тасмағамбетов 2019 жылдың 9 желтоқсанында 63 жасқа толды. Ол Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін 2017 жылдың 7 ақпанынан бері атқарды. Оның алдында Қорғаныс министрі, 2008-2014 жылдары Астана әкімі, 2004-2008 жылдары Алматы әкімі болды. 2002 жылы Премьер-министр, 2003 жылы Мемлекеттік хатшы болып қызмет етті.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version