Жоба қазақстандықтарға әлемдегі ең ірі гуманитарлық қозғалыстың бір бөлігі атануға, сондай-ақ табиғи және техногендік апаттар аумағындағы отандастарына көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Жәрдем көрсету үшін Kcell немесе activ абоненттеріне кез келген мәтіні бар, яғни бос емес хабарламаны 9777 нөміріне жіберу керек. Бір SMS құны 200 теңгені құрайды.
Мұндай жәрдем түрі табиғи апат аумағындағы қазақстандықтарға көмек көрсету үшін де, «Қызыл Жарты Ай» бақылауындағы гуманитарлық көмек қоймасын қалыптастыру үшін де қабылданады.
«Зардап шеккендерге көмектесетін ниеті бар адамдар бізге тұрақты түрде хабарласып тұрады.
Әсіресе мұндай жағдай Қарағанды облысындағы су тасқыны немесе өткен жылғы Алматыдағы сел кезінде анық байқалды. Енді мұндай жәрдемді оңай жолмен көрсетуге болады. Гуманитарлық көмек көрсету мақсатында қаражат жинауға арналған арнайы нөмір жұмысын үзбейді, яғни әр қазақстандық өзіне ыңғайлы уақытта отандастарына қол ұшын соза алады. Бұл – еліміз үшін өте маңызды жоба», — деп атап өтті «Қазақстанның Қызыл Жарты Айы» ҚҚ директоры Елена Ким.