21 қарашада тозығы жеткен көліктерді қабылдау басталады

«Барлық жайтты Энергетика министрлігімен нақты келіскеннен кейін біз бұл бағдарламаны іске қосамыз. Жалпы, біз 21 қарашадан бастап оны іске қосуға әзірміз», — деді ол.

Оның айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыру барысында 10 мың ескі көлік жоюға қабылданады деп күтілуде. Жоюға тапсырылатын көліктер екі санат бойынша қабылданады. Толық жинақта ескі көлігін тапсырғандар 150 мың теңге алса, көлік шанағы, есігі, қозғалтқышы беріліс қорабы міндетті түрде бар, бірақ жүрмейтін көліктерге 48 мың теңге беріледі. Жобаны іске асыру үшін 2016 жылы «ӨКМ Операторы» ЖШС-ына бөлінген жалпы ақша сомасы — 1 миллиард 250 мың теңге.

Бағдарламаға қатысатын жеке тұлғаларға мынадай құжаттар қажет: бағдарламаға қатысу туралы өтініш (онда ТАӘ, СИН, БИК және есепшот нөмірі міндетті түрде көрсетілуі тиіс), ескі көлікті жоюға тапсыру үшін ІІМ органынан тіркеуден шығару туралы анықтама, өтініш берушінің сенімхаты (көлік иесі болмаған жағдайда), көлік иесінің немесе сенім білдірген адамның жеке куәлігі, есепшот жөніндегі анықтама, тозығы жеткен ескі көлікті жоюға тапсыру туралы келісім.

Ал ескі көлікті жоюға тапсыратын заңды тұлғалары және оның атынан әрекет ететін сенімді тұлға мемлекеттік тіркеуде тұрғандығы жөнінде қосымша анықтама дайындауы керек.

ДереккөзҚазАқпарат