Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы тағайындалды

«Анатолий Сергеевич Смолин Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалсын», — делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығында.

Осы уақытқа дейін Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметінде Талғат Донақов болған еді. Осыған дейін Донақовтың Қазақстанда жаңадан пайда болған Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің басшысы болып тағайындалғаны хабарланған еді.