Басты бет Жаңалықтар 2017 жылы қазақстандықтар 17 күн демалады

2017 жылы қазақстандықтар 17 күн демалады

ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2017 жылғы мерекелік демалыс күндерінің тізімін жариялады. Министрліктің ескертуінше, заңнамаға сәйкес Қазақстанның ұлттық және мемлекеттік мерекелері тойланатын күндер мерекелік, яғни демалыс күндері болып саналады.

©gorlovka.today

Ұлттық мереке

Тәуелсіздік күні (16-17 желтоқсан).

Мемлекеттік мерекелер

Жаңа жыл (1-2 қаңтар);

Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз);

Наурыз (21-23 наурыз);

Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі (1 мамыр);

Отан қорғаушы күні (7 мамыр);

Жеңіс күні (9 мамыр);

Астана күні (6 шілде);

ҚР Конституциясы күні (30 тамыз);

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні (1 желтоқсан).

Демалыс күндеріне (сенбі, жексенбі) сәйкес келетін мереке күндері мерекеден кейінгі жұмыс күніне ауыстырылды.

Бес күн жұмыс істейтіндерге

1 қаңтардан 3 қаңтарға;

7 мамырдан 8 мамырға;

16 желтоқсаннан 18 желтоқсанға;

17 желтоқсаннан 19 желтоқсанға;

Алты күн жұмыс істейтіндерге

1 қаңтардан 3 қаңтарға;

7 мамырдан 8 мамырға;

17 желтоқсаннан 18 желтоқсанға ауысады.

Сондай-ақ, 2017 жылы 1 қыркүйекке түсетін Құрбан айттың бірінші күні және 7 қаңтар — православиелік Рождество демалыс күндері болып есептеледі.

7 пікір

  1. 1 желтоксан Казакстан Республикасы тунгыш Президент кунинде жумыс жасагандарга мерекелик сыйакы толенеди ме

    • Кайдагы сыйакы? Тауелсыздыкке берген сыйакысын да косып алып сонынан жинауы кобейып кетты емес па? Енды мыне Экспога хочешь не хочешь кинап билет берып жатыр. Алмаймыз. Бырак акшасын толеймыз. Не деген сумдык. Адылдык кайда???

  2. Мерекенікөп күнге созудың қажеті жоқ. Жалықтырып жібереді. Наурыз мейрамында бір екі күн демалыс жетіп жатыр. 8 -наурызды мүлдем мейрам ретінде алып тастау керек. Бұрынғы КСРО-мемлекеттерінен басқа елдер бұл күнді тойламайды. Гейлер күні деп атайды. Ендеше бізге бұл күнді тойлап не керек? 1-9 мамыр мерекелерін де мейрам ретінде тойламау керек.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version