Басты бет Мәдениет Димаш Құдайберген 2 номинация бойынша «Виктория» сыйлығын алды

Димаш Құдайберген 2 номинация бойынша «Виктория» сыйлығын алды

Мәскеудегі Кремль мемлекеттік сарайының сахнасында "Виктория" ұлттық музыка сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздардың арасында Қазақстан әншісі Димаш Құдайберген де бар.

Фото: Dimashnews.com

Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» ұлттық музыка сыйлығын екі бірдей номинация бойынша жеңіп алды. Бұл туралы Dimashnews.com сайты хабарлады.

Димаш Құдайберген мен Игорь Крутой
Димаш Құдайберген мен Игорь Крутой. Фото: Dimashnews.com

Ол «Классикалық музыкадағы жыл вокалисі» номинациясы бойынша жүлдені Olimpico әнімен ұтып алды. Димаш Құдайбергенмен бірге бұл номинация бойынша опера әншілері Ильдар Абдразаков, Аида Гарифуллина, Хибла Герзмава, Анна Нетребко және Ольга Перетятьколар сынға түсті.

Фото: Dimashnews.com

Сонымен бірге Димаш Құдайберген «Открытие года» номинациясы бойынша да жеңімпаз атанды. Dimashnews.com сайтының хабарлауынша, жеңімпазды Ресей Федерациясының Ұлттық музыканы қолдау қорының сарапшылары анықтайды. Бұл марапат 2015 жылы Юлианна Караулова мен Егор Кридке берілсе, 2016 жылы оны Ростислав Мудрицкий алған.

Димаш Құдайберген. Фото: Dimashnews.com

Айта кетейік, әр жыл сайын «Виктория» сыйлығы аясында үздік музыканттар, орындаушылар, композиторлар, ақындар, продюсерлер, музыка сыншылары мен журналистер марапатталады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version