Басты бетЖаңалықтарЗейтенақы салымдары...

Зейтенақы салымдары ҚазАгроға несие ретінде беріледі

Аталған қаржының басым бөлігі, яғни 51,7 млрд теңге «ҚазАгро»холдингі арқылы игеріледі. Оның ішінде Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтары да бар. Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында холдинг басшысының орынбасары Айгүл Мұхамадиева қаражаттың қай бағытта бөлінетінін айтты.

«Біз сол қаражатты екі бағытта жұмсауды жоспарлап отырмыз. Біріншіден, сүт қабылдау, отбасылық сүт фермаларын құру, мал жемдейтін орындарды ашу, жеміс-көкөністерді шығару мен ауыл шаруашылық кооперативтерін ұйымдастыру жұмыстарына басымдық беріледі. Негізі, осы саладағы жұмыс жүріп жатыр. Жобаларды қаржыландырудың жылдық мөлшерлемесі 6 пайызды құрап отыр. Ал екінші бағыт бойынша экпортқа шығарылатын тауарларға қолдау жасалады. Соның ішінде сиыр, шошқа мен құс еті, өсімдік майы және жеміс-көкөністер бар. Бұдан бөлек, аталған өнімдерден жасалған тауарлар да кіреді. Осы санаттағы жобалар 11,5 пайызбен қаржыландырылады », – дейді «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Мұхамадиева.

Оның айтуынша, екінші бағыт бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты да тартылып отыр. Алайда оның мөлшерлемесі 15 пайызды құраған. «ҚазАгро» холдингі оған бюджет қаржысын араластырып, жылдық мөлшерлемені 11 пайызға дейін төмендетті.

«Ал, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатын біз өз облигацияларымызды шығару арқылы тартатын боламыз. Былайша айтқанда, ол облигациялық заем болады. Біз оны кәдімгідей несие ретінде 15 пайызбен алып отырмыз», – деп атап көрсетті «ҚАЗАГРО» ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ.

ДереккөзҚазАқпарат