Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне арнайы смартфон шығарылды

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арнайы жасалған топтама бес данадан тұрады.

Жаңа телефонның артқы панеліне Қазақстанның мемлекеттік символдары – күн мен оның астында қалықтаған қыран ойып салынған. Күннің ортасында «25» саны бейнелген, ал оның астында «Anniversary of Kazakhstan» деген жазу бар. Тігістеріне де еліміздің туындағы көк және сары түстер қолданылған екен.

First Media Group компаниясының мәліметінше, телефон жоғалған жағдайда бұғаттауға, оны табуға, жеке мәліметтерді өшіруге болады.

Смартфон қанша тұратыны әзірге белгісіз. Мысал үшін айтсақ, смартфондар нарығына еніп үлгерген Apple iPhone 7 Plus елімізде 650 000 теңге тұрады. Эксклюзивті Vertu одан бірнеше есе қымбат болатыны сөзсіз.

Дереккөзbaq.kz