Басты бетЖаңалықтарНұр-Сұлтан мейкатонында...

Нұр-Сұлтан мейкатонында мүгедектігі бар адамдар үшін не жасалды?

Ильнар Айтняков техникаларды жөндеу орталығында жұмыс істейді. Отбасы бар. Бала тәрбилеп отыр.

Менің диагнозым — церебрал сал ауруы, спастикалық парапарез. Қолыма сүйеніп, бүгілген аяғыммен қозғалатындықтан мен үшін жазда да, қыста да күнделікті қолдануға арналған тіреу құралы қажет. Жұмыс орныма өз арбаммен барамын, алайда арбам айтарлықтай жылдам әрі орнықты жүрмейді, — дейді ол.

Мейкатон
Фото: ERG баспасөз қызметі

Ильнар жүріп-тұруындағы кедергілерді барынша жеңілдету мақсатында «Жәрдем» командасымен бірлесіп, Сarbon black деп аталатын, оңай қозғалатын жиналмалы электр арбасын жасады.

маған мейкатонда сыйға берген күннен бастап ол үнемі өзіммен бірге, — дейді Ильнар.

Ильнар сияқты мүгедектігі бар адамдарға жаңа технологияны жақындатып, сол арқылы олардың өмірін жеңілдету үшін электр арба жасаған кімдер? Олар мұны қай жерде, қалай құрастырды? Енді осыған келсек.

Ильнар айтып отырған мейкатон ол — жас өнертапқыштар мен инноваторлар мүгедектігі бар адамдарға прототиптер ойластырып, жасайтын арнайы марафон. Мұндай шара 2017 жылдан бері Қарағанды, Павлодар, Алматы, Шымкент, Ақтау мен Нұр-Сұлтанда тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Марафонға қатысқан командалар 72 сағат бойы мүгедектігі бар жандардың  есту, көру қабілеттері және тірек-қимыл жүйесі бұзылған адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған прототип жасайды.

Жобаның мақсаты — мүгедектігі бар жандарды қоғамда бейімдеу, олардың күнделікті тіршіліктегі жүріс-тұрысын, есту көру қабілеттерін жақсарту. Қолдануға ыңғайлы, жасап шығаруы оңай және бағасы қолжетімді прототиптер құру арқылы қоғамның әлеуметтік саласында озық технологиялар мен инновациялық шешімдерді қолдану деңгейін арттыру.

«Қазақстан Республикасындағы Тель-Авив университетінің достар қауымдастығы» ЗТБ вице-президенті Сәния Арапованың айтуынша, мейкатондардың нәтижесі бойынша 10-нан астам толық әзірленген прототип нидноуэрлерге (марафонға қатысушы мүгедектігі бар жандар) табысталды. Қазіргі уақытта олар барлық команданың прототип жағдайына қайта бақылау жүргізіп жатыр: кімнің оны өз күшімен өзгерткенін, кімнің нарыққа шығарғанын, кімнің аяқтағанын және нидноуэрге бергенін анықтап жатыр. Олардың арасында мейкатоннан кейін идеяны іске асыруды кейінге қалдырып, тек мейкатонға қатысушы ретінде күш сынағандар да бар.

Ильнар Айтняков Нұр-Сұлтанда өткен мейкатонға қатысты.

Мейкатоннан алған пайдалы тәжірибеден кейін Қазақстанда осы сияқты іс-шаралардың жиі өткізілгенін қалаймын. Мұндай жобалардың жүзеге асып, мен сияқты адамдарға көмектесіп, біздің өмірімізді жеңілдетуі өте маңызды, — дейді Ильнар.

Мейкатон
Фото: ERG баспасөз қызметі

Соңғы мейкатонда бірінші орынды екі прототип ұсынған «Жәрдем» командасы иеленді. Команданың жасаған дүниесі — «Трансформер» жиналмалы арбасы. Арба екі қозғалтқышпен жарақталған. Оның пневматикалық қатты доңғалақтары түрлі жолда оңай жүреді. Қазір арба Назарбаев Университеті Fab Lab инновациялық кластері базасында. Команда оны таяу уақытта жасап бітіріп, Ильнарға береді. Екінші прототип — жұмсақ кәріжілік-білезік ортезі бар жартылай қатты таңғыш. Оны Ильнар күнделікті қолданып жүр.

«Жәрдем» командасы өнертапқыштарының бірі Олжас Иманбаевтың пікірінше, мейкатон — нидноуэрлердің өмірін жеңілдетуге көмектесіп, өнертапқыш жастардың идеясын іске асыруға мүмкіндік беретін жоба.

Мейкатонда өткен 3 күн тамаша болады. Өте қуаныштымын. Мен бұрын мүгедектігі бар адамдармен қалай қарым-қатынас жасауды білмейтінмін, бірақ мейкатоннан кейін олардың біз сияқты адамдар екенін ұқтым. Мейкатон марафонға қатысқан адамдардың миындағы шектеулерді жоятынына қуанып отырмын. Бәріміз осы үш күнде Ильнармен достасып кеттік. Оның белсенді өмірлік ұстанымынан үйренетін нәрсе көп. Бәрімізге үлгі болып отыр, — деді Олжас Иманбаев.

Мейкатонға қатысушылар оңалту, инженерия, IT-технологиялар саласындағы жетекші мамандармен жұмыс істеп, тәжірибе жинады.

Мейкатон
Фото: ERG баспасөз қызметі

Келесі жылы мұндай шара Шымкентте, Нұр-Сұлтанда және Қарағандыда өтеді.

Мен әлемді жақсы жаққа қарай өзгертуге атсалысып жатқаным үшін қуанам. Бұл — жалғыз бір адамның әлемі болса да, үлкен құндылық. Біздің команда әрбір мейкатон үшін барын салды. Бұл өте қызық. Біз прототиптер өнімге айналып, мүгедектігі бар адамдардың қажетін өтеуі үшін мейкатонның өсіп, әлеуметтік инновация моделін құратынына сенімдіміз, — деді Сәния Арапова.