Алматыда жыл басынан бері 34,4 мың жұмыс орны ашылды

Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы аясында биыл 13 мың адам тұрақты жұмыс тапса, 6 мың азамат уақытша жұмысқа орналасты. Бұл туралы Алматының Жұмыспен қамту орталығы хабарлады.

Бағдарламада «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікті оқыту және жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 100 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік гранттар қарастырылған. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, еңбекке қабілетті мүгедектігі барлар мен жастарға жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін 200 АЕК немесе 505 мың теңгеге дейін мемлекеттік грант беріледі.

NEET санатындағы жұмыссыз азаматтар мен жастарға теміржол вокзалында, базар мен жәрмеңкелерде және басқа да қоғамдық орында 10 жылжымалы жұмыспен қамту орталығы ашылды.

Нәтижесінде жұмыссыздық біраз төмендеді. Бүгінде ол көрсеткіш 5,1% (2014 жылы 5,5%, 2018 жылы–5,2%) болды.

Еңбек нарығын кеңейту үшін Жұмыспен қамту орталығы Телеграм-ботты іске қоспақ. Онлайн платформа мемлекеттік қызмет туралы ақпарат беруге, азаматтардың кері байланысына арналған.