Алматы тұрғындарының орташа айлығы 220 мың теңгеден асты

Алматының стратегия және бюджет басқармасының мәліметінше, қаладағы өнеркәсіп өткен жылмен салыстырғанда 5,1%, инвестиция 3,1% өскен. Қала тұрғындарының табысында да өсу байқалады. Үшінші тоқсандағы орташа айлықтың көлемі 220 мың теңгеден асты.

Соңғы 10 айда қаладағы бөлшек және көтерме саудадағы тауар айналымының көлемі 2 801,8 миллиард теңге және 9 036,9 миллиард теңге артты. Тұрғын үйді пайдалануға беру 8,8% өсті. Экономикадағы мұндай оң көрсеткіштер мемлекеттік бюджеттегі қаланың салық түсімін 11,8% арттырды, — деп хабарлады Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

Қаладағы өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік және байланыс салаларының даму серпінін қамтитын қысқамерзімді экономикалық индикатордың 10 айдағы қорытындысы 104,9%-ке тең. Бұл республикалық деңгейден жоғары.