Басты бет Жаңалықтар Ипотекасын төлей алмай жүргендерге мемлекет көмек көрсетеді

Ипотекасын төлей алмай жүргендерге мемлекет көмек көрсетеді

Жалғыз баспанасының ипотекасын төлей алмай жүрген азаматтарға мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Фото: Scs.edu.au

«Қайта қаржыландыру бағдарламасы» шеңберінде ипотекасын төлей алмай, банктерге қарыз болып қалған азаматтарға көмек көрсетіледі. Бұл бағдарлама проблеманы шешуге және xалықтың әлеуметтік осал топтарының жалғыз баспанасын сақтап қалуға мүмкіндік береді», — дейді Қуандық Бишімбаев.

Айта кетейік, 2015 жылғы 11 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Ұлттық банкке Үкіметпен бірлесіп, ипотекалық қарыз алушылардың проблемасын шешу жөнінде шаралар кешенін әзірлеуді тапсырған болатын. Осыған орай Ұлттық банк екінші деңгейлі банктердің ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға 130,0 млрд теңге бөлді

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version