Басты бет Жаңалықтар Алматыда Тұңғыш Президент туралы спектакль қойылды

Алматыда Тұңғыш Президент туралы спектакль қойылды

Қойылым көрерменге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған концерт аясында ұсынылды. 

Фото: Almaty.tv

Спектакль Елбасының жас кезі мен Теміртау оқиғасын қамтиды.

Елбасының Жоғары кеңес төрағасымен кездесу сахналарын ұйымдастырып, концерттік дүние жасадық. Елбасының болашаққа жолдаған жолдауларын әрбір актер түсініп, жүрегімен сезіне білуі керек. Ең көп уақыт алған сол сахналар болды, – деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының режиссеры Жандос Төлеубек.

«Алатау» театры тікелей Елбасының қолдауымен бой көтерген. Салтанатты кеште есімдері елге танылып қалған жас өнерпаздар фольклор-этнография ансамблінің сүйемелдеуімен халық әндерін шырқады.

Бұл театрды еліміздің тарихымыздағы қазақтың күйін, дәстүрлі әні мен биін танытуға арналған бірден-бір театр деуге болады, — деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының  директоры Дәлел Уәшев.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version