Алматыда геолог Патшайым Тәжібаеваға арналған кітап жарық көрді

Танымал ғалым туралы «Патшайым» кітабында ғалымның әріптестері мен шәкірттерінің, достарының Патшайым Тәжібаева туралы естелік-эсселер мен ғалымға арналған өлеңдер топтастырылған.

Бұл кітаптың басқалардан өзгешелігі – мұнда түрлі авторлардың еңбектері топтастырылды. Анаммен сырлас дос, замандас болған жандардың естеліктері де бар. Бұлай дейтінім, анамыз заманында қанша жетістікке жетсе де адами қасиеттерді бірінші кезекке қойып, әділдіктің ақ туын биік ұстап өтті, — дейді Патшайым Тәжібаеваның қызы Құралай Аққошқарова ғалымның мерейтойына орай өткен халықаралық конференцияда.

Жазушы Сәбит Досанов Патшайым Тәжібаеваның геологияда революция жасаған адам екенін айтты.

Патшайым Тәжібаеваға дейін жерасты байлығын тасты уатып, соған қарап білген. Ал бұл кісі оған қанағаттанбай, Үкіметтен көмек алып, лаборатория ашып, геологияның литология деген саласын қалыптастырған. Солай геологияда революция жасады, — деді Сәбит Досанов.

ДереккөзAlmaty.tv