Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мамандары Қытайдың екі азаматын ұстады

Фото: Knb.gov.kz

ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің мамандары Қытайдың екі азаматын уәкілетті қызметкерге 2 миллион теңге мөлшерінде пара беру кезінде ұстады.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен ұсталғандар тергеу изоляторына қамалды.

ҰҚК мамандарының мәліметінше, Қытай Халық Республикасының азаматтары Атырауда заңсыз еңбек еткен шетелдікке қатысты әкімшілік іс бойынша сот оң шешім шығаруы үшін пара берген.

Пара берушілердің бірі ҚХР азаматтарына одан әрі қамқорлық жасау үшін 200 мың теңге мөлшерінде ай сайын ақшалай сыйақы да ұсынған, — делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ұсталғандар ісін мойындап, айғақ берді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version