Басты бет Жаңалықтар Президент қырғыз халқымен арада қарама-қайшылық жоқ екенін айтты

Президент қырғыз халқымен арада қарама-қайшылық жоқ екенін айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке қонақжайлығы үшін алғыс білдіріп, оның қазақ-қырғыз ынтымақтастығын нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков. Фото: Аkorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков «Ала-Арча» резиденциясында шағын құрамдағы келіссөз жүргізді.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар екіжақты стратегиялық серіктестік, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық бағыттағы және халықаралық құрылымдар аясындағы мәселелерді қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекке жасаған мемлекеттік сапарына зор мән беретінін және екі бауырлас халық арасында ешқандай қарама-қайшылық жоқ екенін айтты. Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Президентінің сапары екі ел қарым-қатынастарының дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасы басшысын 2020 жылы Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Айта кетейік, Қазақстан Президентінің қырғыз еліне мемлекеттік сапары 2 күнге жалғасады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version