Пушкин Live спектаклі Абай Құнанбайұлына арналды

Александр Пушкинге арналған Пушкин Live қойылымында ақын XIX ғасырда өмір сүргенімен рэп оқып, баттл өткізеді. Сахнада бұрынғы мен қазіргі заман араласып жатады. Дуэльден жарақат алған ақын галлюцинация әлеміне тап болады. Онда ол өз өлеңдерінің бас кейіпкеріне айналады. Соңында ақын күтушісі Арина Родионовнамен кездеседі. Қойылым 16 жастан үлкен көрерменге арналған.

Адам қайтыс болғанда оған періште келеді. Ақын өлімнен қорықпауы үшін оған періште қалпында ең қымбат, ең жақын адамы Арина Родионовна жіберіледі. Сценарий 3 күнде жазылды, — деді Пушкин Live спектаклінің режиссеры Ольга Бобрик.

Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Олег Гостев қойылымның қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлына арналғанын айтты.

Пушкин Live қойылымына байланысты барлық нәрсе қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына арналған. Өйткені Пушкиннің өлеңдерін қазақ тіліне алғаш Абай аударған. Ол — қазаққа Пушкинді ашқан адам, — деді Олег Гостев.

Қойылым Ресейдегі театр фестиваліне қатыстырылады. Авторлар фестивальде бұл жұмысқа лайық баға беріледі деп үміттенеді.

ДереккөзKtk.kz