Басты бет Жаңалықтар Доллар бағамы тарихи антирекордқа қайта жақындады

Доллар бағамы тарихи антирекордқа қайта жақындады

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 310,37 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шетел валютасы тарихи антирекордқа — 312,65 теңгеге жетуге аз қалды. Мұндай деңгейге доллар бағамы 2015 жылдың 9 қарашасында көтерілген еді. Кейін доллар дереу арзандап, 307 теңге болды.

2015 жылдың 10 желтоқсанында таңғы сессия кезінде алғашқы келісім 310 теңгемен жасалды. Бұл ең төменгі баға болды. Ең жоғары баға — 310,55 теңге. Сауда көлемі 121 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 22 мүшесі қатысты. Ақша айырбастау орындарында доллар 309,5-312,7 теңге аралығында саудаға салынып жатыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version