Шетел валютасы тарихи антирекордқа – 312,65 теңгеге жетуге аз қалды. Мұндай деңгейге доллар бағамы 2015 жылдың 9 қарашасында көтерілген еді. Кейін доллар дереу арзандап, 307 теңге болды.

2015 жылдың 10 желтоқсанында таңғы сессия кезінде алғашқы келісім 310 теңгемен жасалды. Бұл ең төменгі баға болды. Ең жоғары баға – 310,55 теңге. Сауда көлемі 121 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 22 мүшесі қатысты. Ақша айырбастау орындарында доллар 309,5-312,7 теңге аралығында саудаға салынып жатыр.

Бөлісу

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!