Басты бет Тест Тест: Қазақстан қалаларының бұрынғы атауын білесіз бе?

Тест: Қазақстан қалаларының бұрынғы атауын білесіз бе?

Талдықорған бұрын қалай аталды? Ақтау ше? Сұрақтарға жауап беріп, Қазақстан қалаларының бұрынғы атауын еске түсіріп көріңіз.

Иллюстрация: Dribbble.com ©Kürşat Ünsal
0%

Талдықорғанның ескі атауы?

Дұрыс! Қате!

Талдықорған ХІХ ғасырдың екінші жартысында Гавриловка аталды. 1920 жылы қалаға қазіргі аты берілді.

Нұр-Cұлтан еліміз тәуелсіздік алғанға дейін қалай аталды?

Дұрыс! Қате!

Нұр-Сұлтан 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград болды. Ал 1992 жылы қалаға тарихи атауы Ақмола қайта берілді.

Риддердің 2002 жылға дейінгі аты?

Дұрыс! Қате!

Тау-кен инженері Филипп Риддердің атымен аталған елді мекен 1927 жылы жұмысшылар поселкесі, кейін қала мәртебесін алды. 1941 жылы 6 ақпанда оның атауы Лениногорск болып өзгерді. 2002 жылы қалаға Риддер атауы қайтып берілді.

1895 жылға дейін атауы Николаевск болған қала?

Дұрыс! Қате!

ХІХ ғасырдың соңында Қостанай Николаевск деп аталды.

Түркістан ХІІ ғасырда қалай аталды?

Дұрыс! Қате!

Түркістан ХІІ ғасырда Ясы деп аталды. Қазіргі атауы ХV ғасырдағы деректерден бастап кездеседі.

Қызылорданың бұрын Ақмешіт аталғанын жақсы білетін шығарсыз. Одан кейін қала қалай аталды?

Дұрыс! Қате!

Генерал Василий Перовский бастаған орыс жасақтары басып алғаннан кейін Ақмешіт форты әуелі Перовский, кейін қала мәртебесімен бірге Перовск аталды.

1936 жылға дейін Әулие-Ата аталған қала?

Дұрыс! Қате!

1856 жылы қазіргі Тараз орнындағы көне қалаға Қарахан әулетінің негізін қалаушы Сатұқ Боғраханның құрметіне Әулие-Ата деген атау берілді. 1936 жылдан бастап Мирзоян аталды.

Бұрынғы Гурьев қазір қалай аталады?

Дұрыс! Қате!

Атырау XIX ғасырда Гурьев городок, кейін Гурьев аталды. 1991 жылы 4 қазанда жергілікті халық депутаттары кеңесі қаланың атын Атырау деп өзгертті.

Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін Ақтау қалай аталды?

Дұрыс! Қате!

Ақтау 1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың атымен Шевченко аталды. Тарас Шевченко ХІХ ғасырдың ортасында осы өңірге жер аударылған еді.

Өткен ғасырдың басында Черняев аталған қай қала?

Дұрыс! Қате!

1914 жылы қазақ елінің Ресей империясына қосылғанына 50 жыл толуына орай қалаға генерал Михаил Черняевтың аты берілді. Бірақ 1924 жылы қала аты қайта өзгерді.

Қалалар
Жаман емес. Қалаларымыздың тарихын біліп жүргеніңіз артық болмайды.

Жақсы көрсеткіш. Қалалар тарихын әлі де зерттей беріңіз.

Тамаша! Өлкелер тарихын жақсы білетініңіз көрініп тұр.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version